🍒 Аспаз бойжеткендерге арналған кеңестер 🍒
✅ 1. Көптеген тамақ мәзірлерінде «бір шымшым ванилин немесе ас содасын қосыңыз» деп көрсетіледі. Бірақ оларды көп қосып қойғаннан, мөлшерлеп немесе аз салған дұрыс екенін ұмытпаңыз.
✅ 2. «Құмшекерлі» қамырды ұзақ уақыт илей беретін болсаңыз, нан қатты болады.
✅ 3. Бисквит қамырды бірден пісірмесеңіз, құрамына ауа кіріп, дәмін жоғалтады.
✅ 4. Пирогтың піскенін білу үшін арасына ағаш таяқша кіргізіңіз. Егер құрғақ болса, дайын болғаны.
✅ 5. Қамырдың құрамына мейіз қосатын болсаңыз, оны ыстық сумен жуып, артынша ұнға шылаңыз. Осылайша қамырға бір тегіс орналасады.
✅ 6. Орамжапырақ қосылған пирог ойдағыдай шыққанын қаласаңыз, алғашқы 15 минутта духовкінің қақпағын ашпауға тырысыңыз.
✅ 7. Ешуақытта дайын сорпаның ішінде лавр жапырағын қалдырмаңыз. Пісіру барысында жақсы болғанымен, артынша сорпаның дәмін құртады. Ал сарымсақты пісіріп болған соң ғана қосыңыз.
✅ 8. Сорпаны оттан алар кезде сәбіздің, орамжапырақтың, қызанақтың шырынын қосып алыңыз. Сол кезде ботқаға май қосқандай дәмді болады.
✅ 9. Егер сорпаға мөлшерден артық тұз қосып қойсаңыз, ішіне піскен күрішті дәкеге орап салыңыз. Осылайша ол артық тұзды өзіне сорып алады.
✅ 10. Бадана мен асбұршақ жылдам пісуі үшін әрбір 5-10 минут сайын үлкен қасықпен суық су қосыңыз.